Қарағандылық жұмыссыздар web-бағдарламалауды тегін меңгере алады

Қарағандылық жұмыссыздар web-бағдарламалауды тегін меңгере алады

Sanasoft Co оқу орталығы қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірге web-бағдарламалауды басынан бастап тегін оқыту жүргізеді. Курстарға тұрақты жұмысы жоқ қарағандылықтар жазыла алады. Қатысушылардың жасы - 18 жастан жоғары болуы тиіс.

Курстарға жазылу үшін сауалнамадан өту қажет. Орталық қызметкерлері сіздің дағдыларыңыз бен біліміңізді тексереді.

Сабақтар 10-12 адамнан тұратын топтарда өткізіледі. Бағдарламалауды үйрену және одан ақша табуды тәжірибелі мамандар үйрететін болады.

Курстар 6 айға созылады. Осы уақыт ішінде студенттер білім алғанымен қоса, стипендия алып отырады. Соңында ең жақсы нәтиже көрсеткендер жұмыспен қамтылады.

Курсқа қабылданатын адамдар саны шектеулі. Өтінімдер қазірден бастар қабылдануда.

Толығырақ келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады: +7-777-706-97-77 (10:00-ден 20:00-ге дейін).