15 сәуірден бастап Қаныш Сәтбаев атындағы каналда балық аулауға тыйым салынады

15 сәуірден бастап Қаныш Сәтбаев атындағы каналда балық аулауға тыйым салынады

Қарағанды облысында Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның бойында 15 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салынады. Уылдырық шашу 30 мамырға дейін созылады.

Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, каналдың барлық су тораптарында (су қоймаларында) балық аулауға болмайды. Шектеу балық аулаудың кез келген түріне және барлық балық түрлеріне қолданылады.

Бұл шара балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау үшін енгізіледі.

Әуесқой балықшылардан жыл сайынғы уақытша тыйымға түсіністікпен қарауды сұрайды. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады.