Қарағанды облысының музыкалық мектептері фестиваль-байқауға қатысуға шақырады

Қарағанды облысының музыкалық мектептері фестиваль-байқауға қатысуға шақырады

№2 Қарағанды балалар өнер мектебі "Шәмші Қалдаяқов - қазақ вальсінің королі" атты I облыстық вокалдық-аспаптық өнер фестиваль-байқауын өткізетіндігі жайлы хабарлайды.

Байқауға Қарағанды өңірінің музыка мектептері мен өнер мектептерінің тәрбиеленушілері де, педагогтары да қатыса алады. Барлығы екі номинация қарастырылған: "вокалдық-аспаптық ансамбль" және "аспаптық ансамбль".

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ансамбльдік музыка ойнау формасын дамытуға бағытталған.

Шығармашылық ұжымдардың өтінімдері 10 мамырға дейін келесі электронды мекенжайға қабылданады: kaldayakov21@mail.ru.

Байқауды өткізу форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Анықтама телефондары: +7-775-348-61-29, (8-7212) 51-04-49, 33-05-18.