«Күндіз-түні жұмыс істеңіздер»: Жеңіс Қасымбек Қарағандының проблемалық нысандарында болып қайтты

«Күндіз-түні жұмыс істеңіздер»: Жеңіс Қасымбек Қарағандының проблемалық нысандарында болып қайтты

Магнитогорская көшесіндегі жөнделіп жатқан жол қарағандылықтардың наразылығын тудыруда. Күн сайын ол жолмен 200 мыңға жуық адам жүріп өтеді. Қала тұрғындарының шағымдары облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Жеңіс Қасымбек Майқұдықтың бойымен жүріп өтіп, осы тұрғын алабындағы басты жолдың жағдайын тексерді.

- Қыста бұл жолды күтпедіңіздер және қазір де солай! Мен жұмыстың жүріп жатқанын көріп тұрған жоқпын. Ақпан айында жұмылдырылуы керек еді. Біз бәрін уақытында төлеп жатырмыз! Неліктен халық сіздер үшін азап шегуі керек?! - деп мердігерді облыс әкімі сынға алды. - Күндіз-түні жұмыс істеңіздер!

Мердігер компанияның өкілі қазіргі жағдайды мамандардың тапшылығымен түсіндірді. Бірақ қазір, олардың айтуынша, мәселе шешілуде. Келесі аптадан бастап жөндеу жұмыстары жалғасады.

Жеңіс Қасымбектің наразылығын барлық нюанстарды ескермеген жобалаушылардың жұмысы да тудырды. Автожол күрделі. Жердің терең бөліктерінің болуына байланысты жоспарланғаннан әлдеқайда көп негіз дайындауға тура келді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ұзақ жылдардан бері алғаш рет ұзындығы 11 шақырым болатын ең ұзын қала көшелерінің біріндегі жол жабынын қайта қалыпқа келтіру басталған болатын.

Қала бойынша жұмыс сапары барысында облыс әкімі тағы бір проблемалық учаскеде болды – «Трилистник» ТК, №7 үйде болып, тұрғындардың бастамашыл тобымен кездесті. Олар ұзаққа созылған құрылысқа шағымданып, жаңа ғимараттағы кемшіліктерді атап өтті.

- Тұрғындардың шағымдарының негізі бар. 20 сәуірге дейін мердігер кемшіліктерді түзетуге міндеттенеді. Қала әкімі сіздермен үнемі байланыста. Мен мұнда тағы да келіп, жағдайды бақылаймын. Сіздерге барлығын жобаға сәйкес етіп жасап береді, - деп

Жеңіс Қасымбек «Трилистник» тұрғындарына уәде берді.