Облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың алғашқы отырысы өтті

Облыс әкімдігінде ағымдағы жылдың алғашқы отырысы өтті

Отырыс 2016 жылдың қортындысын шығару мен 2017 жылдың жоспарын талқылауға бағытталды.


Облыс әкімі аппаратының кеңейтілген отырысы онлайн режімде Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетілді.
Жиналысты ашу барысында, аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков өткен жылы дағдарысқа қарсы бірқатар шаралардың қабылданғанын және экономиканы өрістету бағытында қыруар жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Бұл дегеніміз – жеке мүлікті заңдастыру мен жеке меншікке беру, өндіріс ошақтарын қолдау, инвестиция тарту, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, «Нұрлы жол» индустриалды-иновациялық бағдарламасы, денсаулық сақтау, бизнесті қолдау, агроөндіріс саласында белсенді жұмыстар атқарылды және ауылшаруашылығы кооперативтеріне қолдау көрсетілді.
Өткен жылдың есебі мен ағымдағы жылдың жоспарлары туралы бірқатар басқарма басшылары есеп берді. Олардың қатарында экономика және қаржы, өнеркәсіп және индустриальды-иновациялық даму, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және басқа да басқармалардың басшылары бар.
Сонымен,өткен жылы облыс экономикасында айтарлықтай өсу байқалды. Тауар өндіру көлемі 21,5%, қызмет – 7% өсті. Жалпы аймақтық өнім көлемі – 2,6 трлн. теңгеге жетті.
Өткен жылғы облыстық экономикалық өсімнің басты драйверін өндірістік, ауыл шаруашылығы, транспорт, қаржылық сектор құрады.
2015 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4,9% өсті, бұл республика бойынша 2 орын. Саланың орташа айлық өсімі 4,3% құрады.
Өндірістегі негізгі өсімнің көзі ретінде өндірістік және өңдеу саласының, сонымен қатар тау-кен өндірісінің өнімдері құрады. Аймақ басшысының айтуынша, 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы Индустрализация картасы облыстағы өндіріс көлемінің артуына ықпал етті.
Өндірістік өнімдердің көлемі республика бойынша 10,2% құрады. Бұл Атырау облысынан кейінгі 2 орында тұр. Ал өңдеу саласы бойынша – 19,4%, бұл 1 орын. 2016 жылы еңбек өнімділігі 65 мың. долл. Құрап, 1 орынды иеленді.
Ауылшаруашылығы саласы да белсенді даму үстінде. Ауылшаруашылығының ішкі өнім көлемі малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы есебінен8,6% өсті. Саланың өрістеуіне 2015 жылмен салыстырғанда 25,3% өскен инвестиция көлемі де айтарлықтай ықпал етті.
Экономикалық өсімді қалыптастыруға Бизнестік жол картасы аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау айтарлықтай ықпал етуде.
Құрылыс саласында 147,8 млрд.теңгенің жұмысы орндалған, физикалық көлемнің индексі 2015 жылға қарағанда 87,7% құрады. Аймақ бойынша 340,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инфрақұрылымды дамыту мен экономиканы қолдаудың басты аспабы ретінде мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы жоспарларды айтуға болады.
Экономика және қаржы басқармасының жетекшісі Ольга Чернявскаяның айтуынша, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаның аясында 2016 жылы 72,2 млрд. Теңге немесе 96,5 % игерілді.
Сонымен бірге облыс экономикасын дамыту белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға жол ашты. 12 540жаңа жұмыс орны ашылды. Еңбек ақы 9,4% өсіп, 123,7 мың. Теңгені құрады.
Денсаулық сақтау саласында 2015 жылмен салыстырғанда ана мен бала өлімі азайды. Сонымен қатар, туберкулезге шалдыққандар мен қайтыс болғандар саны қысқарды.
Баяндамашылардың мәліметін назарға алған облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, өткен жылдың облыс үшін оң ықпалы басы болғанын айтап өтті.
Отырыс қорытындысында аймақ басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардың қатарында Елбасы, Президен Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі және басқа да жоғары органдар тапсырмаларын сапалы және ұтымды жүзеге асыру және Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іс жүзінді жүзеге асыруды жалғастыру бар.