
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы «Әдеби сарапшы» байқауын өткізеді. Оған 7 жастан 11 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
Өтінімдер мен жұмыстар 20 мамырға дейін қабылданады. Қорытынды шығару 20-24 мамыр аралығында өтеді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 1 маусымда өтеді.
Талаптар:
- пікірлер үш беттен аспайтын эссе түрінде болуы керек (A4);
- жұмыстар қазақ немесе орыс тілінде, баспа немесе қолжазба түрінде дайындалады;
- қатысушыдан бір ғана шығарма қабылданады.
Байқау жұмыстарын Бұқар жырау даңғылы, 30 мекен-жайына немесе odb_abai@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі өлшемшарттар бойынша анықтайды: оқыған әсерлерінің негізінде баяндаудың шынайылығы мен өзіндік ерекшелігі.
Байқау нәтижесі бойынша үш жеңімпаз және Гран-при иегері анықталады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Қатысушының дипломдары өтінім берген кезде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Толық ақпаратты (8-7212) 41-23-25, 41-23-26 телефондары арқылы білуге болады.