
Шет ауданының Мойынты кентінде Таныбай Бекназарұлына ескерткіш ашылды. Тұғырмен бірге есептегенде мүсіннің салмағы бір тоннадан асады.
Батырдың ұрпақтары Мойынты кентінің жас тұрғындары өз халқының және туған өлкесінің тарихын құрметтеуі үшін бабасына ескерткіш орнатуды жөн көрген.
Естеріңізге сала кетейік, Таныбай Бекназарұлы (1670-1755) - қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен Орта Жүздің Арғын руының батыры. Жоңғарларға қарсы шайқастардың бірінде ол жаудың бас батыры - Қапалды жеңе алды.
Ескерткіштің жанында батырдың туыстары алаң құрды. Мұнда гүлдер мен ағаштар өседі.
- Мен батырдың ұрпағымын. Бабамды мақтан тұтамын. Жақын арада ол туралы кітап шығады. Қазір оны баспаға дайындап жатырмыз, - деді Амандық Серіков.
Мойынты мектебінде Таныбай батыр мұражайы бар.
Іс-шара барысында «Мойынты вальсы» әнінің тұсаукесері өтті, оны алғаш рет Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, өнер магистрі Дилара Карекенова орындады. Мәтін авторы – ауыл тұрғыны Роза Сүлейменова. Музыкасын «Қарағанды Қазына» ЖШС директоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Досым Сарғасқаев жазған.