Балқаш тұрғындары мұқтаж жандарға киім-кешектер мен аяқ киім жинап беруде

Балқаш тұрғындары мұқтаж жандарға киім-кешектер мен аяқ киім жинап беруде

Балқашта қайырымдылық шаралар кең етек жаюда. Қала тұрғындары «Шаңырақ» отбасыларға қолдау көрсету орталығына киім-кешектер тапсырады, ал мұқтаж жандар оларды келіп алып кетуіне болады.

Орталық  қызметкерлерінде «әлеуметтік осал» санаттағы қалалықтардың өз тізімі бар. Киімнің жаңа партиясы келіп түскен кезде қызметкерлер оларға қоңырау шалып, заттай көмек алуға шақырады. Тегін көмек алуға көп балалы аналар, жетім балалар және мүгедектігі бар адамдар келеді.

Балалар мен ересектерге арналған киім күнделікті қабылданады. Қазір сырт киім-кешек сұранысқа ие. Желтоқсаннан бастап жанашыр балқаштықтар 200-ден астам мұқтаж адамға қажетті киімдер беріп, қолдау көрсетті.

- Біз тек таза және бүтін киімдерді қабылдаймыз. Тіпті биркасы бар заттар да кездеседі, - дейді орталық директоры Дәкен Терлікпаева. - Киімді қабылдау мен таратуды ұйымдастыру идеясы бұрыннан болған. Тек қолайлы ғимарат болған жоқ. Биыл демеушілер орталыққа Мира, 12 көшесінде жөнделген үй-жайды сыйлады. Күн сайын онда қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды қабылдайды.