Қарағанды облысының жастарын мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастарын мәнерлеп оқу байқауына қатысуға шақырады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақын, жазушы және әдебиеттанушы Олжас Сүлейменовтың шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша "Адамға табын, Жер, енді!" атты онлайн байқауын жариялайды. Оған облыстың 15-22 жас аралығындағы жастары қатыса алады.

Қатысушы қазақ классигінің бір өлеңін оқи отырып, бейнені karaganda_oub@mail.ru электрондық мекенжайына жіберуі тиіс.

Өтінімдер 25 сәуірге дейін қабылданады.

Байқау 28 сәуірде сағат 12:00-де кітапхананың @bekturov_library Instagram парақшасында басталады. Сол жерде 30 сәуірде оның қорытындысы жарияланады.

Жеңімпаздар Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болады.

Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: (8-7212) 43-06-50, 43-07-04.