Жас өлкетанушылар Сарыарқаның танымал тұлғалары жайлы айтып берді

Жас өлкетанушылар Сарыарқаның танымал тұлғалары жайлы айтып берді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы өтті. Жас зерттеушілер «Сарыарқаның ұлы азаматтар. Знаменитые люди Сарыарки» атты жұмысты талқыға салды.

Клуб отырысында өлкетанушылар өз жұмыстарымен бөлісті. Осылайша, Алла Шалимова Қарағандының тұңғыш дәрігері Герман Алалыкин туралы, ал Ясмин Байсерік құрметті шахтер Түсіп Күзембаевтың тағдыры туралы айтып берді.

Клуб мүшелерінің зерттеулері жалғасуда. Нәтижелер Қарағанды облысының тарихи - өлкетану мұражайы және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ археология және этнография мұражайы өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі отырыста Сарыарқа далалық өркениеттің алтын бесігі» дөңгелек үстелін өткізу барысында жарияланады.

Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның мүшелері – өз өлкесінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балалар.