Қарағандыда аурушаңдықтың өсуіне байланысты КВИ емдеуге арналған госпитальдерді қайта іске қосу басталды

Қарағандыда аурушаңдықтың өсуіне байланысты КВИ емдеуге арналған госпитальдерді қайта іске қосу басталды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев инфекциялық стационарлардағы төсек қорының көбеюі туралы мәлімдеді.

- Соңғы аптрада бір КВИ науқастары санының артуын байқап отырмыз. Тәулігіне 95 адамға дейін тіркелуде. Эпидемиялогиялық зерттеулер көрсеткендей, аурушаңдықтың өсуіне наурыз айындағы мерекелер әсер еткен.  Карантин шараларының күшейтілуіне қарамастан, адамдар бір-бірлерімен көздесіп, өзара тікелей байланысқа түсуін доғармаған. Сондықтан осындай серпілік болды, - деді ведомство басшысы. - Бұл төсек қорына жүктемені арттырды. Біз коронавируспен ауыратындар үшін қосымша орын дайындауға шешім қабылдадық. Бізде 2 мыңнан астам төсек-орын резервте тұр, оларды біртіндеп қайта іске қосып жатырмыз, - деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 700-ге жуық төсек-орын ашылды. Келесі аптаға дейін тағы 400-ін ашу жоспарлануда.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар жоқ. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар.

Емханалар жанындағы мобильді бригадалар өз тиімділігін көрсетті, деп атап өтті басқарма басшысы. Қарағанды бойынша олардың саны 300-ден асады. Мобильді бригадалардың жұмысын кешкі сағат онға дейін ұзарту көзделіп отыр.

Өткен жылы мобильді бригадалар көлікпен қамтамасыз етілді. Барлығы 102 санитарлық машина сатып алынды.

Сондай-ақ, медициналық инфрақұрылымды нығайтуға қомақты қаражат жұмсалды. Бүгінгі күні облыста 26 компьютерлік томограф, КВИ бар пациенттерге арналған 364 ӨЖЖ аппараты бар. 40 сандық рентген-аппарат, 2 800 оттегі концентраторы және басқа да жабдықтар сатып алынды. 25 медициналық ұйымда оттегін орталықтан беру жүйесі жүргізілді.

- КВИ-дің алғашқы толқынындағы тәжірибе мен қателіктерді ескере отырып, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы күшейтілді, - деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.