Saryarqa aqparat Медиахолдингі «Ер есімі - ел есінде» акциясын жалғастырады

Saryarqa aqparat Медиахолдингі «Ер есімі - ел есінде» акциясын жалғастырады

Қарағанды облысында онлайн режимде Жеңіс күні қарсаңында «Ер есімі - ел есінде» атты еске алу акциясы өтеді.

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ол үшін ҰОС қатысқан туыстарыңыздың жеке деректері мен қысқаша өмірбаянын көрсете отырып, фотосуреттерін жіберу керек. Алынған материалдардан бейнеролик монтаждалады.

Фотосуретке қойылатын талаптар: портрет, JPG, png форматында, өлшемі кемінде 15x10.

Кейіпкерлердің деректері жазылған суреттерді 8-776-533-10-54 нөмірі бойынша WhatsApp-қа немесе Telegram-ға, сондай-ақ saryarqaaqparat09@gmail.com электрондық поштасына жіберуге болады.

Материалдар 1-20 сәуір аралығында (20.00-ге дейін) қабылданады.

Бейнеролик 9 мамыр қарсаңында Қарағандының интернет-алаңдары мен LED-экрандарында көрсетіледі.