Теміртауда жас суретшілердің көрмесі өтеді

Теміртауда жас суретшілердің көрмесі өтеді

Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында «Ояну» көрмесінің ашылуы өтеді. Шара мектеп жасына дейінгі балалар мен кіші және орта мектеп оқушылары айналысатын «Арт-Чердак» шығармашылық мектебінің бес жылдық мерейтойына орайластырылған.

Көрермендер аралас техникада, графикада, акварель, пастель түрлерінде орындалған жетпіс картинаны тамашалай алады. Көрмеде натюрморттар, пейзаждар, портреттер мен сюжеттік жұмыстарды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар мен жанрлар болады.

Бұл шығармашылық мектептің екінші көрмесі. Біріншісі екі жыл бұрын мұражайдың кіші экспозициялық залында өтті. Бүгінде «Арт-Чердак» мектебінің тәрбиеленушілері үлкен көрме залының кеңістігін игеруде.

Ұсынылған жұмыстар – жас суретшілердің ғана емес, сонымен қатар мұғалім Елизавета Эсли мен мектеп басшысы Ольга Павлованың ең жақсы суреттерінің жинағы.

Көрменің ашылуы 2 сәуірде сағат 16.00-де мұражайдың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтеді.

Анықтама телефоны: (8-7213) 93-19-05.