Қарағандылық жас теннисші Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық жас теннисші Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша төрт алтын медаль жеңіп алды. Бұл жолы Алматыда 2006 жылы туған және одан кіші спортшылар пинг-понг спорт түрі бойынша бақ таластырды.

Алан жеке біріншілікте ең мықты болды. Әмір Торғайбековпен жұптық сында және Виктория Мочалкинамен аралас сында үздік нәтиже көрсетті. Командалық есепте алтын алып, жеңісті қорытындылады.

Облыс құрамасының басқа да мүшелері тамаша өнер көрсетті. Қарағандылықтар барлығы бес алтын, екі күміс және қола медаль жеңіп алды.

Әмір Торғайбеков пен Вика Мочалкина жекелей сында күміс алса, Екатерина Охмак осы сында қола жүлдені жеңіп алды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша