Қарағанды - Нұра бағытындағы автобустың жұмысы қайта іске қосылмақ

Қарағанды -  Нұра бағытындағы автобустың жұмысы қайта іске қосылмақ

Қарағанды автовокзалының хабарлауынша, 6 сәуірден бастап Қарағанды – Нұра бағыты бойынша автобустар қайтадан жүре бастайды. Күнделікті сапарға аттану уақыты – 09.00.

Билеттерді онлайн-брондау мен сатып алу тәулік бойы интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картаның көмегімен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ билеттерді автовокзал кассалары мен терминалдардан сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін түскі үзіліс және демалыссыз сатып алуға болады.

karaganda.avokzal.kz