
Яндекс Go Lider.kz волонтёрлер қозғалысына із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіруге көмектеседі. Еріктілер қатарына аталмыш қосымшамен жұмыс істейтін жүргізушілер де қосылды.
Қозғалысқа қатысушыларға көмектесуге ниет білдірген жүргізушінің орналасқан қаласында жоғалып кеткен адамдар туралы хабарлама жіберіледі. Бағдарлау ақпараты жүргізуші қосымшасына жіберіледі, жәнеде онда суреттер, жоғалған азаматтың қашан және қай жерде жоғалып кеткені, оның ерекше белгілері және іздестіру тобымен байланысқа шығатын телефон нөмірлері секілді барлық қажетті мәліметтер келтіріледі.
Мұндай ынтымақтастық алғашқы нәтиже беруде. Осылайша, бір жүргізуші түні бойы еріктілерге жасөспірімді іздеуге көмектесті, ал екіншісі қарт әйелді тауып, үйіне алып барды.
Яндекс Go қызметі жұмыс істейтін барлық 20 қаладағы жүргізушілер іздеу жұмыстарына көмектесуге ниет біілдіруде.
Lider.kz - бұл із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын еріктілер қозғалысы. 2021 жылдың мамыр айында бірлестікке 5 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстанның 50 елді мекенінде аталмыш жасаққа еріктілер қосылды.