
"Алтын ғасыр" галереясында графика суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Марьяна Макееваның "Живая душа" атты жеке экспозициясы ашылады. Көрме оның соңғы уақыттағы шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылады.
Марьяна өзінің экспозициясын көктемгі жаңарудың элементі, әлемге оптимистік көзқарас пен жақсылыққа деген тұрақты үміт ретінде ұсынады. Галереяда 40-қа жуық графикалық парақтар мен суреттер болады.
Көрме қарағандылық танымал өнертанушы Наталья Иванинаны еске алуға арналған.
- Бір жыл бұрын бейнелеу өнері саласындағы тамаша өнертанушы, сыншы және сарапшы Наталья Иванина өмірден озды. Ол дана тәлімгер, бас кеңесші болған... Өкінішке орай, көптеген адамдарда карантинге байланысты ол кісімен қоштасуға мүмкіндік болмады. Мен көрмемді ұйымдастыруды өзіме зор қолдау көрсеткен және бағыттаған адамды еске алуға арнауды жөн санаймын, - дейді суретші.
Марьяна Макееваның Туған жері - Қарағанды қаласы. 2002 жылы Қарағанды облыстық көркемсурет мектебін бітірген. Марьяна - кәсіби сәулетші. Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетінде арнайы білім алған. 2009 жылдан бастап оқытушылық қызметпен айналысады.
Суретші қарағандылықтарға жақсы таныс, өйткені оның көрме қызметі 1994 жылы басталды. 2003 жылдан бастап ол Қарағанды Суретшілер Одағы өткізетін барлық кәсіби көрмелерге қатысады. Бірнеше жеке көрмелер ұйымдастырды. Соңғысы - 2019 жылдың наурыз айында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті.
Марьянаның жұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Польша, Германия және Канаданың жеке коллекцияларында сақталған.
"Живая душа" вернисажының ашылуы 2 сәуірде сағат 16.00-де өтеді.
Экспозиция 13 сәуірге дейін жалғасады.
"Алтын ғасыр" галереясының жұмыс уақыты - сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.