
Balapan телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әл-Фараби» анимациялық мультсериалын шығарды. Бір маусымға әрқайсысы 8 минуттан тұратын 2D техникасында жасалған 10 серия кірді.
Балалар әлемдік ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, әлемге танымал ғалым және философ жерлесіміз Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірімен танысуға мүмкіндік алады. Серия болашақ ғалымның балалық шағы мен ғылым әлеміне жолын көрсетеді.
- Біз өзіміздің алдымызға түркі ғалымы Әл-Фарабидің ел тарихын зерттеуге деген ынтасын оятып, ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыруы тиіс балаларға арналған білім беру сериалын жасауды мақсат етіп қойдық, - дейді Balapan телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.
Жобаның басты мақсаты – ежелгі Отырар қаласынан (Фараб) шыққан ғалым мен ағартушының өмірін көрсету арқылы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми білімді насихаттау.
Анимациялық телесериал Balapan телеарнасында дүйсенбіден жұмаға дейін Нұр-Сұлтан уақытымен 20.30 және 23.00-де көрсетіледі.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша