
Қарағанды облысында «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегерлері марапатталды. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар талант пен шеберлік, спорт, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, өндірістік тәжірибе сияқты бағыттарда өзара жарысты.
Естеріңізге сала кетейік, жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры талантты жастар мен көшбасшыларды қолдауға және дамытуға бағытталған «Ел үміті» бастамасы аясында ұйымдастырды. Қарағанды облысынан «Елбасы медаліне» 219 үміткер қатысты, оның ішінде байқаудың барлық шарттарын орындаған 134-і қола медальдармен марапатталды.
- Жеңімпаздарымызға күміс және алтын медаль иегерлері болуды тілейміз! – деп жүлдегерлерді Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова құттықтады. - Оқушыларды дайындаған мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне және ата-аналарға алғыс айтамыз.