
Қарағанды облысында педагогтарға арналған Көктемгі мектеп өз жұмысын бастады. Бір апта бойы онлайн режимінде кәсіби шеберлікті арттыру курстары өтеді.
ZOOM платформасындағы сабақтарға мектеп директорларының орынбасарлары - 620 адам қатысты. Оларды білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттармен және аттестаттау тәртібімен таныстырды.
Көктемгі мектеп бағдарламасына сондай-ақ 3D-технологиялар және бағдарламалау бойынша оқыту курстары кірді. Біліктілікті арттыру курстарынан пән мұғалімдері өтеді. "Болашақ басшы" кадр резерві мектебінің өкілдері үшін де сабақтар ұйымдастырылды.
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ақпараты бойынша