
25-30 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Балалар кітабы апталығын өткізеді. Іс-шара қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша өтеді. Оған бір мезгілде қатысатындар саны 20 адамнан аспауы тиіс. Ата-аналар немесе мектептер 41-23-25 нөміріне қоңырау шалып, балаларды жаза алады.
Кеше, 25 наурызда кітапханада «Мың тағзым саған, кітап!» деген атаумен салтанатты ашылу өтті. Мереке барысында Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына арналған «Бір толқында» халықаралық суреттер байқауының (Украина, Киев қ.) және «Барлық балаларға құрдастар» онлайн-фестивалінің жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Кітап апталығына қатысушылар балалар ақынының өлеңдерін оқыды. Ал көрермендер үшін музыкалық флешмоб ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балалар ұлттық тәрбие қағидаттарына негізделген «Ертегі әлемі шақырады» ертегі терапиясы кітабының авторы Маржан Ершумен кездесті.