
Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ағылшын тілінің тегін онлайн-курстарына қабылдау жариялайды. Шекспирдің тілін үйренуге 18 жастан асқан кез келген қарағандылық жазыла алады.
- Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының мамандары сабақ береді. Оқушыларды топтарға бөледі. Олардың әрқайсысы 20 адамнан тұрады. Сабақтың басталуы - 1 сәуір. Курс аяқталғаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі, - деді Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлжан Бөрібаева.
Курстар онлайн-режимде өтеді. Ұзақтығы - 72 сағат.
Өткен жылы осындай курстарды 130 адам аяқтады. Бұл бағытта 150 қарағандылық ағылшын тілін үйренуді жоспарлап отыр.
Оқуға жазылу келесі телефон нөмірлер бойынша жүргізіледі: (8-7212) 50-65-59, 56-70-84.