
Жер шарындағы ең ауқымды экологиялық акция 27 наурызда өтеді. Экология департаменті барлық қарағандылықтарды осы іс-шараға қатысуға шақырады.
Алғаш рет "Жер сағаты" 2007 жылы Австралиядағы жабайы табиғат қорымен ұйымдастырылды. Қарағанды облысы акцияға екі жылдан кейін қосылды. Енді бұл жыл сайынғы халықаралық іс-шараны өңіріміздің тұрғындары ғана емес, сонымен қатар ірі өндірістер де қолдайды.
Акцияның мақсаты – жарық көздері мен электр құралдарын бір сағатқа-жергілікті уақыт бойынша 20.30-дан 21.30-ға дейін ажырату. Осылайша, ұйымдастырушылар планетаның ресурстарына жауапты қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп адамды тартуға тырысады.
Биылғы жылы акцияны ЖЭО-1, ЖЭО-3, "Nova Цинк" компаниясы, Жәйрем КБК, "АрселорМиттал Теміртау", "Қарағанды Су", "Шұбаркөл көмір" қолдайды. Сондай-ақ, GGG спорт кешені, Орталық саябақ, ОӘД, "Абзал", "Таир", "Арбат", "Абсолют» секілді ірі сауда орталықтары.
- Біз тұрғындарымыздың планета ресурстарының сарқылуы және климаттың өзгеруі туралы ойланғанын қалаймыз. Акцияға қосылып, қатысыңыздар, - дейді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Айжан Ерболаева.