Әкім ТКШ модернизациялау саласында әріптестік ұсынатын ЕДҚКБ өкілдерімен кездесті.

Әкім ТКШ модернизациялау саласында әріптестік ұсынатын ЕДҚКБ өкілдерімен кездесті.

Халықаралық қаржы институты коммуналдық жүйені модернизациялауға қарыз беруді ұсынуда.

ТМД мен Азияны қалпына келтіру және дамыту жөніндегі Еуропалық банктің банкирі Бахтиер Файзиев халықаралық қаржы институтының ТКШ саласындағы жобалары несиелеу жобасын таныстырды.
- Біздің мақсатымыз – қызмет секторын коммерициалау және инфроқұрылымдық жобалар банк операцияларының бір бөлігі. Қазақстандағы инвестицияның жиынтық көлемі 7 миллиард долларға тең, яғни ЕДҚКБ Қазақстандағы мұнай-газ секторынан басқа саладағы ең ірі инвестор болып табылады, - деп атап өтті Бахтиер Файзиев.
Өз кезегінде облыс әкімшілігі бұл ұсынысқа жан-жақты қызығушылық танытты, өйткені қарызға алған қаражатты мемлекеттік ресурстарды тарту арқылы пайдалану мүмкіндігі бар. ЕДҚКБ Қарағанды қаласындағы тозу деңгейі 70 пайызға жеткен коммунальдық инфрақұрылымды жаңарту жобасына қатыстыру жоспарлануда. Әрі қарай бұл тәжірибе облыстың басқа да елді мекендеріндегі ТКШ мекемелерін модернизациялауға қолданылады.
- Тұрғын үй коммунальдық шаруашылық секторы жобасына инвестиция салуы – өте маңызды мәселе. Бізде Шахтинск ЖЭО модернизациялау, Теміртау қаласының жылу желілерін қалпына келтіру және басқа да көптеген жобалар бар. Сондықтан да біз алдағы қарым-қатынасқа мүделіміз, - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі