Облыс әкімі жас кәсіпкердің идеясын қолдады

Облыс әкімі жас кәсіпкердің идеясын қолдады

18 қаңтар күні Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жұмыс кестесіне сай қала облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Қарағандылық жас кәсіпкерлер аймақ басшысына өз мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді.

«M.Style Kazakhstan» ЖШС құрылтайшысы Данияр Ауписимов қаладағы алғашқы сырт киім тігу цехын ашты. Оның айтуынша, мұндай тауарларды елімізге негізінен Түркия мен Қытайдан әкеледі, әрі олардың бағасы да қымбат. Ал кәсіпкер болса өз өнімдерінің жалпыға қолжетімді боларына сенімді.
- Нұрмұхамбет Қанапиаұлы, біз өзіміздің яғни қазақстандық спорттық киімдер брендін қалыптастырғымыз келеді. Қазірдің өзінде біз 250 мың доллардың құрал-жабдығын сатып алдық. Цех ашып, 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отымыз. Нарықты жақсылап зерттедік. Бұл ағам екеуімздің бірлескен жобамыз. Осыдан біраз уақыт бұрын Үндістанға барып келгенбіз.Үндістандық кәсіпкерлер бізге 5,5 миллион доллар қаражат құйды. Яғни шикізат, шай, киім және клем. Алда мемлекетпен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізбекпіз. Бір футболка - бір доллар. Бұл қаражаттың барлығы қайырымдылық қорына аударылады. Сондай-ақ үндістандықтар матаның құнын арзандатуға келісіп отыр. Әрі тауар құнын арзандатуға және киімді бәсекеге қабілетті етуге салық жеңілдіктері де көп көмектеседі. Оларды алу үшін, біз ағам екеуміз қоғамдық ұйым құру туралы шешімге келдік және жұмысқа мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдадық. Біз әлеуметтік төлем мен қосымша табыс салығын төлемейміз. Ал мұның бәрі киім бағасының арзандауына алып келеді. Егер бір футболканың құны мұнда 7 мың теңге болса, оны үш тіпті екі мыңға дейін арзандатуға болады. Бірақ бізде кедендік салада қиындықтар бар. Қарағанды қаласында тігін цехының құрылысын жүргізуге және шетелдік инвесторларды тартуға мемлекеттік қолдау формасын алуға да қиындықтар туындауда, - деді Д.Аупасимов.
- Идеяларыңыз жақсы, әрине біз жан-жақты қолдау көрсетеміз. Кейбір мәселелерді заң аясында шешуге болады деп ойлаймын. Әрине бұл тез әрі бірден болмайды. Кейбір процедуальды сәттер бір, біз бәрін зерттеп алуымыз керек. Бірақ мен, аймақ басшысы ретінде сіздердің табыстарыңызға қуаныштымын, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Еске саламыз, Данияр Ауписимов өзінің бауырларымен бірге өз цехтарында ала таңнан түнгі 4-ке дейін жұмыс істейді. Данияр – ІІІ топтағы мүгедек. Ол 16 жасында көлік апатына ұшырап, бірнеше опрацияны бастан өткерген. Бірақ бұл оның бизнес идеясын жүзеге асыруына кедергі бола алмады. Оның сайт жасауда, профлист, ет сатуда және жиһаз жасауда тәжірибесі бар.