Балқаштағы Қоңырат тұрғындары тілдерді тегін меңгере алады

Балқаштағы Қоңырат тұрғындары тілдерді тегін меңгере алады

Балқашта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тілдерді үйренуге арналған үшінші тегін кабинет ашылды. Ол Қоңырат шағын ауданында жабдықталды. Енді тұрғындар өздерінің тілдік сауаттылығын сол жерде арттыра алады.

- Кабинет барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Мұнда тек латын графикасы негізінде қазақ тілін ғана емес, сондай-ақ ағылшын тілін де, әр түрлі халықтардың тілдерін де оқуға болады. Оқыту мүлдем тегін, оқытушылар білікті. Бағдарлама үш айға есептелген. Сәуір айынан бастап Қоңыратта бірінші топты жинаймыз, - деді "Тілдер орталығы" КММ директоры Қымбат Мәулетова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Тәуелсіздік бәрінен бұрын қымбат - Независимость превыше всего" атты мақаласында мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтуді тапсырған болатын. Қазақстанда тіл саясатын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда.

Курстарға жазылуға және тіл кабинетінің жұмысы туралы толығырақ (8-71036) 44-582 телефоны бойынша білуге болады.