Спорт және қолөнер күні аясында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қолданбалы өнер шеберлерінің көмегімен бір мезгілде бес шеберлік сабағын өткізді. Олардың барлығы қазақтардың дәстүрлі халық қолөнеріне арналды.
Бүгінгі таңда дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жандандырып қана қоймай, өскелең ұрпақты халық мәдениетінің құндылықтарына тарту маңызды. Наурыз мепекесін тойлау бұл ретте жақсы себеп болды.
- Кез келген мемлекет үшін және әрбір адам үшін оның өткені үлкен маңызға ие. Жаһандану дәуірінде ата-бабаларымыздың көптеген салт-дәстүрлері ұмытылды. Енді біз тарихымыздың осы маңызды құрамдас бөліктерін біртіндеп қалпына келтірудеміз. Соңғы уақытта жастардың өз ата-бабаларына, өткен өміріне қызығушылық танытатыны қуантады, - деп атап өтті Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Ержан Нұрмағанбетов.
Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта шебер Ғайниден Әбдірахманов оқушыларды былғарымен жұмыс істеудің қыр-сырымен таныстырды.
Қ. И. Сәтбаев атындағы гимназия оқушыларына төсеніш тоқу және жалпы киіз басу туралы қолөнер шебері Қамаш Төлеубаева айтып берді.
Сән колледжінде шебер Жанна Қосубаевадан студенттер тері ісі және таксодермия туралы көптеген қызықты ақпарат алды.
Шебер Қаршыға Жұмабекова гуманитарлық колледж оқушыларымен қыш шеберлігінің құпиясымен бөлісті.
Құрақ көрпе тігуден Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ тарих факультетінің студенттеріне Қымбат Иманқұлова мен Айша Үдерова шеберлік сабағын өткізді.
- Мен осындай шеберлік сабағына алғаш рет келіп отырмын. Шебердің жұмысын бақылау қызықты болды. Мысалы, мен көптеген бұйымдар әлі күнге дейін ескі дәстүр бойынша қолмен жасалатынын ұмытып кеттім. Мұндай шеберлік сабақтары өткенімізді, рухани және материалдық мәдениетімізді есте сақтау үшін қажет деп санаймын, - деп өз әсерімен гуманитарлық колледж студенті София Вербич бөлісті.