Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы Наурыз мейрамын тойлау тарихы туралы бейнеролик дайындады

Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы Наурыз мейрамын тойлау тарихы туралы бейнеролик дайындады

Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайының Ютубтегі ресми арнасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында 20 наурызда жарияланатын «Сіз бұл туралы білесіз бе? Наурыз ...» атты фильмде көктемгі күн мен түннің теңелуі мерекесінің тарихы туралы баяндалады.

Орталық Азияның көптеген халықтары Наурызды бес мың жылдан астам уақыт бойы көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде атап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша, мереке күн мен түннің теңелген күнімен сәйкес келеді.

1926-1988 жылдар аралығында Наурыз мейрамы Қазақстанда жаппай аталып өтілмеді, өйткені оған Кеңес үкіметі өткеннің қалдығы ретінде тыйым салған. Ресми түрде ол 1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлттық көктем мерекесі - «Наурыз мейрамы» туралы Жарлығынан кейін тойлана бастады және 22 наурыз мереке болып жарияланды. Тек 2001 жылы ғана бұл мереке мемлекеттік мерекеге айналды, ал 2009 жылдан бастап үш күн тойланатын болды.

2009 жылдың қыркүйегінде Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілді және 2010 жылдың ақпан айының соңында БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады.

Бейне-презентациямен музейдің ресми ютуб-арнасынан, сондай-ақ «Одноклассники», «ВКонтакте», Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан танысуға болады.