
Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қаланы көгалдандыру маусымын ашты. Наурыз мерекесіне орай орталық саябаққа 30 бес жылдық боз терек көшеттері отырғызылды.
Іс-шара басталар алдында Қызыр-ата батасын берді. Әкіммен бірге ағаш отырғызуға Балқаш қаласының қария тұрғындары, алтын мерейтой иелері, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, белсенді жастар, жас жұбайлар және т. б. қатысты.
Мамық бермейтін теректер Алматыдан жеткізілді. Енді ағаштар балқаштықтарды өз көркімен қуантады.
- Біз бірнеше ай бұрын шаңырақ құрдық. Карантинге байланысты керемет үйлену тойын жасамадық. Біз алғашқы отбасылық ағашымызды отырғыздық. Екеуіміз де өте бақыттымыз. Наурызды мерекелеудің жаңа форматы қаламызды көгалдандыру үшін бұрынғыдан да пайдалы болды. Баршаңызды қатысуға шақырамын, - деп атап өтті іс-шараға қатысушы Мейірім Орынбаев.