Қарағандының мамандандырылған кітапханасы "Жақсылық жаса!" акциясын өткізді

Қарағандының мамандандырылған кітапханасы "Жақсылық жаса!" акциясын өткізді

"30 игі іс" жалпыұлттық марафоны аясында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы "Жақсылық жаса!" қайырымдылық акциясын өткізді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернаттардың отыз оқушысы сыйлыққа кеңсе жиынтықтарын алды.

Айта кету керек, мамандандырылған кітапхана интернаттармен бұрыннан жұмыс істеп келеді. Жыл сайынғы "Жан жылуын сыйлашы" акциясы бар. Балаларға арналған қолөнер бұйымдарын арнайы кітапханаға ересек келушілер өз қолдарымен жасайды, содан кейін оларды балаларға береді. Карантинге дейін бірлескен мерекелік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрды.

- Балаларға сыйлықтар ғана емес, қамқорлық пен жылулық қажет. "30 игі іс" марафоны - жақсы және қажетті іс жасаудың тамаша мүмкіндігі. Осындай акцияларды әрі қарай да өткізуге тырысамыз, - деп атап өтті  маманландырылған кітапхананың басшысы Айнұр Шаймұханбетова.                                                                                Акцияның демеушілері кәсіпкерлер болды.