
Қарағанды техникалық университетінің патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институты жоғары оқу орындары арасындағы "Тәуелсіздік - бәрінен қымбат" патриоттық бейнероликтер аймақтық байқауын қорытындылады.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған байқау екі кезеңде өтті:
1. Жұмыстарды қабылдау - 30 қаңтардан 5 наурызға дейін.
2. Комиссия жұмысы - 10-12 наурыз аралығында.
Ұйымдастыру комитетіне барлығы 24 бейнеролик келіп түсті, 18 жұмыс байқауға қатысуға жіберілді.
Бейнероликтер келесі өлшемшарттар бойынша бағаланды:
- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;
- тақырыпты ашу тереңдігі;
- бейнероликтің бірегейлігі (идеяның жаңалығы);
- жұмыстың көркемдік деңгейі, шеберлігі және орындалу сапасы;
- материалды ашуға шығармашылық көзқарас.
Байқау комиссиясы Альбина Бегайдароваға "Жылдар өткен соң қол жеткен тәуелсіздік" (Алматы Менеджмент Университеті) жұмысы үшін бірінші орын берілді. Екінші орында - Айым Әскербекова мен Аружан Қайратова. Олардың байқау жұмысы "Өткенді білу - жарқын болашақтың негізі" (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Үшінші орын "Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!" жобасы үшін Қарағанды техникалық университетінің энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің белсенді студенттер командасы алды.
Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.