
Қарағандының Жастар ресурстық орталығында Leader's time жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі К. Станиславский атындағы орыс драма театрының басшысы Дунай Еспаевпен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне арналған Dombyra party ұлттық музыка кеші өтті.
Кездесуге Тәттімбет атындағы колледждің режиссура факультетінің студенттері шақырылды. Дунай Еспаев оларға театр мен кинодағы мансабының басталуы, түсірілім кезіндегі ерекшеліктер мен қызықты сәттер туралы айтып берді.
Студенттер мен театр режиссерінің кездесуінен кейін ұлттық музыка кеші өтті. Жастар мәслихатының депутаты Жандос Мейірманов бірнеше танымал күй орындады. Оны қазақстандық композиторлардың шығармаларын ойнап, іс-шараға қатысушылар қолдады.
- Leader's time жобасы аясында біз тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткіземіз. Бүгін, 18 наурызда біздің жастар ресурстық орталығында "Мен - Қазақстандықпын" Бірлік клубының отырысы өтеді. Наурыз қарсаңында біз ұлттық тағамдар туралы айтып береміз. Сондай-ақ, біз барлық қатысушыларға ас әзірледік, - деді ақпараттық жұмыс және мониторинг секторының меңгерушісі Әділ Қабышев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, орталық қайырымдылық акцияларын өткізеді. Жақында жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Көрісу күнімен құттықтады. Қаланың алты ардагеріне сүт өнімдерінің жиынтығы сыйға тартылды. Демеуші "Нәтиже" ЖШС болды.