
Ұлттық қолөнер күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Көшпенділердің өнертабыстары» атты мұражай мерекесі өтеді.
Заттай деректерге сүйене отырып, тарихшылар мен археологтар ежелгі өркениеттің көшпелі әлемі материалдық мәдениеттің көптеген заттарын қолданысқа енгізгенін дәлелдеді, онсыз қазіргі қоғамның өмірі мүмкін емес.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, дала көшпенділері өз дамуында өнертабыстар мен техникалық инновациялардың негізін қалаушылар болды. Және олар әлі күнге дейін әлемнің барлық бөліктерінде қолданылады.
Көшпенділердің өнертабыстарымен танысу даланың қатал жағдайларында өмір сүруге мүмкіндік беретін ежелгі баспана – киіз үйсіз және киізден жасалған заттарсыз мүмкін болмас еді. Ер-тоқым мен үзеңгі көшпенділер империясын қуатты етіп, оның дамуын алға жылжытты. Ал азық-түлік тоңазытқыштар мен жертөлелерге тәуелді болмады. Осы және басқа да өнертабыстар туралы білімқұмар қарағандылықтар мұражай қызметкерлерімен бірге тарихтың сиқырлы сандықтарына үңіле отырып, біле алады.
Іс-шара 19 наурызда сағат 10.00-де әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтеді.
Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.
Мұражай келушілер үшін дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық.