Қарағандыдағы Достық үйінде студенттер үшін экскурсия ұйымдастырылды

Қарағандыдағы Достық үйінде студенттер үшін экскурсия ұйымдастырылды

Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы машина жасау колледжінің студенттеріне экскурсия өткізді.

Оқушылар Достық үйінің мұражайы мен кітапханасына, «Наурыз өрнектері» көрмесіне барды. Экскурсия барысында этномәдени бірлестіктердің әрқайсысы туралы көп мағлұмат алды. Мұнда жиналған әр этностың өмірі мен рухани құрамын бейнелейтін экспонаттармен танысты.

«Шабыт» халық шығармашылығы орталығының суретші-дизайнері Евгения Шульц жастарға шеберлік сабағын өткізді. Орталықта қазақтың ежелгі қолөнері - киіз басу қайта жаңғыруда. Кез-келген адам өзін шебер ретінде сезіне алды.

assembly.kz