Қарағандыда алғаш рет "Көңілді дельфин" жарысы өтті

Қарағандыда алғаш рет "Көңілді дельфин" жарысы өтті

Нүркен Әбдіров атындағы Спорт сарайының бассейнінде алғаш рет тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы бар, көру және есту қабілеті бұзылған балалар арасында эстафеталық жүзуден "Көңілді дельфин" жарысы өтті.

Ерекше балалар 4х25 және 4х50 метр эстафеталарда еркін стильде бақ сынасты. Біріншілік Наурыз мерекесіне арналды.

- Балалар көптеген жағымды эмоцияларға бөленді. Оның үстіне, олардың көпшілігі алғаш рет жарысқа қатысты, - деп бөлісті облыстық мүгедектер спорты мектебінің жүзу бойынша жаттықтырушысы Наталья Манохина. - Балалар алаңдап, алған медальдарына қуанды. Өкінішке орай, көрермендер қатыса алмады, әйтпесе ата-аналар да позитивті әсер алар еді. Бұл біріншілікте төрешілер рөлінде біздің аға тәрбиеленушілеріміз шықты. Олар кішкентай спортшыларға, жаңадан келгендерге үлкен ықыласпен және қамқорлықпен қарады. Мұндай балалармен чемпионаттарды өткізу оңай емес, бірақ олардың күлкілері барлық қиындықтарды өтейді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша