Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды автовокзалынан қосымша рейстер ашылады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қарағанды автовокзалынан қосымша рейстер ашылады

Мереке және мереке алдындағы күндері Қарағанды автовокзалынан қосымша автобус рейстері ашылады. Қарағандыдан Қарқаралы, Павлодар, Семей, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Киевка, Жаңаарқа, Жәйрем, Қаражал, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Алматы, Балқаш және Ақтоғайға баруға болады. Билеттерді алдын-ала сатып алған жөн.

19, 20, 21, 22 наурызда автобустар келесі уақыт кестесі бойынша көрсетілген елді мекендерге аттанады:

- Қарқаралы - 17.00;

- Павлодар, Семей, Өскемен - 21.00;

- Нұр - Сұлтан, Киевка - 16.00;

- Атасу, Жәйрем - 14.30;

- Қаражал - 16.30;

- Жезқазған - 19.00;

- Қызылорда - 22.30;

- Шымкент - 20.30;

- Алматы - 16.30 және 20.30;

- Балқаш - 20.00;

- Ақтоғай - 18.00.

Билеттерді автовокзал кассалары мен терминалдардан сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады. Сондай-ақ билеттерді сатып алуды интернет, интернет-банкинг, QIWI терминалдары немесе Касса24 арқылы тәулік бойы банктік картамен төлеуге болады.

Анықтама телефондары: 43-18-18, 43-31-14.

https://avokzal.kz/kz/новости