Қарағандыда "Қызғалдақ - гүлдер патшасы" байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда "Қызғалдақ - гүлдер патшасы" байқауының қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен бейнелеу өнері мұражайы "Қызғалдақ - гүлдер патшасы" қалалық онлайн-байқвуын қорытындылады.

Instagram-да дауыс беру нәтижесінде үш жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысына ақшалай сыйлық пен қатысушы дипломы берілді. Бірінші орынды Нұргүл Әбдірахманова иеленді. Ақшалай сыйақы ретінде бойжеткен 70 мың теңге алды. Екінші орын мен 50 мың теңге Елена Тимершаиховаға бұйырды. Қола жүлде және 30 мың теңге Анастасия Селезеньге бұйырды.

Мұражай кеңесі Мария Скорикованың "Дала қызғалдақтары" картинасына да дауыс берді. Аталмыш туынды мұражай қорына 50 мың теңгеге сатып алынды.