Қарағандылықтарды "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекесіне шақырады

Қарағандылықтарды "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекесіне шақырады

21-24 наурыз аралығында С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекелік шара өтеді. Көрермендерге қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі.

Қарағандылықтар "Көрісу", "Жыл шақыру", "Саумалдық" және т.б. халықтық әдет-ғұрыптармен танысады, ойындарға, викториналарға қатысып, сыйлықтар алады.

Мерекеде облыстық филармония әртістері мен Тәттімбет атындағы оркестр өнер көрсетеді.

Билет бағасы - 1 000 теңге. 22 наурызда кіру тегін болады.