Теміртаудағы Тұңғыш Президент орталығында Ашық есік күні өтеді

Теміртаудағы Тұңғыш Президент орталығында Ашық есік күні өтеді

Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында "Наурыз шуағы" тұжырымдамасы аясында 17 наурызда сағат 11.00-де "Қош келдің, Наурыз!" деген атаумен Ашық есік күні өтеді.

Мұражай қызметкерлері келушілерді Наурызды тойлаудың салт-дәстүрлерімен таныстырады.

Мерекеге Орталық қызметкерлері, қаланың ақсақалдар кеңесінің мүшелері және КарИУ студенттері қатысады.

Шара соңында орталық басшысы Саида Саргизова қонақтарға сыйлықтар табыстайды.