Қарағанды «Қуаныш» ансамблі республикалық байқауда үш бірінші орынға ие болды

Қарағанды «Қуаныш» ансамблі республикалық байқауда үш бірінші орынға ие болды

«Әдемі биле» хореографиялық өнер байқауында бірінші үш орынды облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы "Қуаныш" Қарағанды үлгілі хореографиялық ансамблінің бишілері жеңіп алды. Іс-шара 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өтті.

Республикалық байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен би ұжымдары жиналды. Пандемияға байланысты қатысу шарттары өзгерді. Жас және ересек әртістерге өз шеберліктерін тек қазылар алқасына көрсетіп, дәлелдеуге тура келді. Залда көрермендер болған жоқ.

- Өнер көрсету өте қиын болды. Көрермен залының қолдауы сезілмеді, - деді ансамбль жетекшісі Айман Тойболдина. - Бұрын сахнадағы дайындыққа қойылым алдында төрт минут кететін. Енді олар тек 1,5 минут берді. Бірінші рет өнер көрсеткен қатысушылар болды. Олар үшін бұл үлкен стресс болды. Барлық ойын жинақтап, жүз пайыз өзін көрсете білу керек болды. Менің қыздарым сәтті өнер көрсетті. Біз үшін бұл байқау – жақсы тәжірибе және ары қарай жүруге ынталандыру.

Қиын жағдайға қарамастан, «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің қоржынына бірінші үш орын бұйырды. «Эстрадалық би» номинациясында (10-13 жас санатында) қазылар алқасы «Балалар уақыты емес» хореографиялық қойылымын жоғары бағалады. Ұжымның ересектеу қатысушылары (14-17 жас) «Заманауи хореография» номинациясы бойынша «Өмір ағашы» биімен және «Әлем халықтарының билері» номинациясы бойынша «Бесік жыры» стильдендірілген биімен тамаша өнер көрсетті.

Бүгінгі таңда барлық облыстық іс-шараларға белсенді қатысатын ансамбльдің репертуарында 100-ден астам хореографиялық қойылым бар.

Ұжым алдағы мерекелік күндерге де белсенді дайындалуда. Жиырма екінші наурызда «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбліне 27 жыл толады. Биыл алғаш рет есеп беру концерті болмайды. Келесі туған күн ансамбль мүшелері үшін ғана емес, Қарағанды тұрғындары үшін де мереке болуы мүмкін.