
Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында Наурыз мерекесі қарсаңында "Алаш Орда" партиясының қайраткерлеріне қарсы қуғын-сүргін" тақырыбында тегін тақырыптық экскурсия өтеді. Оның мақсаты - саяси террор құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
Он жетінші наурызда келушілер Алаш Орда қозғалысының бұрынғы мүшелері мен Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерін тұтқындау туралы мұрағаттық құжаттармен және материалдармен таныса алады.
Экскурсия "ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ зиялыларының саяси қуғын-сүргіні" экспозициялық залында өтеді.
Өткізу уақыты сағат - 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Алдын ала жазылу: (8-72-156) 58-222, +7-747-316-48-30 телефондары арқылы жүргізіледі.