"100 жаңа тұлға" жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

"100 жаңа тұлға" жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының IV маусымына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 наурызға дейін қоса алғанда бір аптаға ұзартылды.

Айта кетейік, жоба биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінен өтінімдер белсенді түрде юіберілуде және қабылдануда. Қатысуға өтінімдерді 100janaesim.ruh.kz сайтында беруге болады. Оларды жеті номинация бойынша қабылдайды: медицина, білім, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

- кәмелеттік жас (18 жас), ҚР азаматтығы;

- Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесі.

Келесі кезеңде жалпыхалықтық дауыс беру өткізіледі, онда қазылар алқасы жеңімпаз болуға лайықты үміткерлерді іріктейді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша