
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Balapan телеарнасы жанындағы әлеуметтік анимациялық мектеп - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқыту жобасы басталды.
Мұндай жоба Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылуда. Мектеп қатысушыларын Қазақстанның, Жапонияның және Оңтүстік Кореяның үздік мультипликаторлары оқытады.
Мектеп балаларға жаңа дағдылар мен қабілеттерге ие болуға мүмкіндік береді, бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Ұйымдастырушылар әлеуметтік қолдаудан басқа, мультипликация саласында сұранысқа ие мамандарды оқытуды көздеп отыр. Жоба табысты түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін де көздейді.
Мектеп ерекше, өйткені оқудан кейін балалар мұғалімдермен кеңесіп, олармен байланыс орната алады.
Жобаға қатысу үшін 14-16 жас аралығындағы 30 бала іріктелді. Оқуға түсудің негізгі талаптары олардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы және шығармашылық әлеуеті болды.
Оқу курсы тегін және анимациялық студиялардың қатысуымен қайырымдылық жобасы болып табылады.
Qazaqstan телерадиокорпорациясы балаларға оқу үшін қажетті арнайы планшеттер мен басқа да техникалық құрылғыларды ұсынады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда анимациялық дизайн саласы қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, мұндай жұмыс физикалық даму ерекшеліктері бар адамдар үшін ыңғайлы болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша