Қазақстанның Жастар спорт ойындарында Қарағанды облысынан жеті жүзге жуық спортшы қатысады

Қазақстанның Жастар спорт ойындарында Қарағанды облысынан жеті жүзге жуық спортшы қатысады

V Жастар спорт ойындарында Қарағанды облысының намысын жеті жүзге жуық спортшы қорғайтын болады. Әр төрт жыл сайын өтетін жарыстарға еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері қатысады.

Жарыс 36 жазғы Олимпиада түрлерінен өтеді. Шымкентте садақ ату, оқ ату және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика бойынша біріншіліктер өтеді. Дәл осы қалада 10 наурызда Жастар ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Жарыстың басқа түрлері Алматы, Нұр-Сұлтан және облыс орталықтарында өтеді. Ойындардың жабылуы 1 тамызда Теміртауда немесе Қарағандыда ұйымдастырылмақ. Олар академиялық есу ойындарымен аяқталады. Сонымен қатар, біздің өңірде ойындар аясында үстел теннисінен біріншілік өткізу жоспарлануда.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша