Алинканың ертегілері: Қарағандылық автор Наталия Инжевская балаларға арналған жаңа кітаптар шығарды

Алинканың ертегілері: Қарағандылық автор Наталия Инжевская балаларға арналған жаңа кітаптар шығарды

"Бірге оқимыз" сериясындағы алты жаңа кітап - "Алинканың ойлап тапқандары" атты баспа өнімдерін қарағандылық автор, Журналистер Одағының және Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі Наталия Инжевская ұсынды. Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында жас оқырмандармен және олардың ата-аналарымен кездесу өтті.

Алинка атты қыз туралы серияда барлығы 20 кітап бар. Олардың 10-ы жарық көрді. Шығармалар мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған.

- Барлық кітаптарды басты кейіпкер біріктіреді. Бұл ерекше қызғылт, бұйра шашты, көңілді және ізденгіш қыз Алинка. Ол өлеңдер түрінде балаларға арналған әңгімелер айтады. Қыз бала өз әсерлерімен бөліседі, мысалы, "Өрт туралы" кітабында ескерту айтып, қатерлерден ескертпе жасайды. Қыздың бейнесін суретші - иллюстратор Роксана Петрова тамаша жеткізе білді, - дейді Наталия Инжевская.

Оның айтуынша, балалар үшін шыүарма жазу қиын емес, себебі әңгімелер ойлап тапқан кезде ол өзін бала сияқты сезінеді. Сондықтан оның кітаптары балалар арасында сұранысқа ие.

Бұл сериядағы кітаптар еркін сатылымда жоқ. Бүкіл тираж балалар үйлері мен кітапханаларға бөлінеді.

- 2021 жыл балалар мен жасөспірімдер үшін кітап оқу жылы болып жарияланды. Соның аясында біз көптеген іс-шараларды жоспарладық. Солардың бірі - қарағандылық жазушы Наталия Инжевскаямен кездесу. Бұл авторда өте мейірімді кітаптары бар. Оларда бәрі егжей-тегжейлі ойластырылған: буын үйлесімділігі де суреттері де. Біздің оқырмандар Наталия Инжевскаяның кітаптарын қуана оқиды және жалғасын күтеді, - деді Абай атындағы кітапхана жетекшісі Баян Уатаева.

Кездесу барысында Наталия Инжевская өз кітаптарын оқып қана қоймай, жас қарағандылықтарға олардың қалай жасалғанын айтып берді.

Қарағанды ақыны және прозашы - Бүкілресейлік әдеби байқаулардың дипломанты, Нью-Йорктегі орыс жазушылары клубының мүшесі. Ресей Жазушылар Одағы атынан В. Маяковский мен А. Ахматова медальдарымен марапатталған.