"Мен - тұлғамын" коучинг орталығы жасөспірімдерге тегін тренингтер өткізеді

"Мен - тұлғамын" коучинг орталығы жасөспірімдерге тегін тренингтер өткізеді

14 наурыз күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында "Мақсатқа жету технологиясы" тақырыбында "Мен - тұлғамын" коучинг орталығының екінші тренингі өтеді. Оған 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Басталуы сағат 15.00-де.

Тренингтер тегін өткізіледі.

Жаттықтырушы - Бақытқали Мұсабеков, қоғам қайраткері, абайтанушы, композитор.

Осындай тренингтерді өткізудің мақсаты - жас қарағандылықтарға өзін-өзі дамыту дағдыларын, тиімді қарым-қатынас жасау, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, табысқа жетуге ынталандыру болып табылады.

Сабақтар жыл бойы әр жексенбі сайын шақырылған коуч-мамандардың - белгілі психологтардың, бизнес-жаттықтырушылардың, кәсіптік оқу орындары мен білім беру орталықтары оқытушыларының басшылығымен өткізілетін болады. Сабақтар кезекпен екі тілде - бір жексенбіде орыс тілінде, екіншісінде - қазақ тілінде өтеді.

Тренингке қатысушылар іс-шарадан бір апта бұрын алдын-ала тіркеуден өтеді. Бір сабаққа қатысушылар саны 15 адамнан аспайды.

Жыл бойы 16 тренинг өткізу жоспарлануда.

Толық ақпаратты алуға, сондай-ақ сабақтарға 41-23-26, 8-777-321-7310 (WhatsApp) нөмірлері бойынша тіркелуге болады.