Қарағандылықтарды "Қош келдің, Наурыз" концертіне шақырады

Қарағандылықтарды "Қош келдің, Наурыз" концертіне шақырады

19 наурызда "Шалқыма" концерт залында Наурыз мерекесіне арналған Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерті өтеді. Сондай-ақ, музыкалық кеште Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.

Қарағандылықтар үшін қазақстандық композиторлар Ескендір Хасанғалиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов және т. б. шығармалары орындалады.

Дирижерлер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.

Концерттің басталуы 18.30.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.