Қарағанды облысының автожолдарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысының автожолдарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысындағы автожолдар ауа райы жағдайына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Кептелістен құтқарылып, 70-ке жуық адам елді мекендер мен жылыту орындарына эвакуацияланды.

Қарағанды облысының ТЖД ұсынады:

- елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;

- автожолдар жабылған жерлерде көліктің жиналуын болдырмау;

- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болу;

- әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтықтарға жаяу жүруден бас тарту.

Оқиғалар мен ТЖ туралы телефон арқылы хабарлау қажет: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.