Қарағанды облысы коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді

Қарағанды облысы коронавирус бойынша "сары" аймаққа кірді

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қарағанды облысы бүгіннен бастап "сары" аймаққа көшті. Өткен тәулікте өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді.

Қолданыстағы карантиндік шаралар бұрынғысынша сақталуда және олардың сақталуын бақылау күшейтілуде.

Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда бес күн ішінде шектеу шаралары күшейтілетін болады.