
14 наурызда К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында премьера өтеді. Көрермендер Дағыстан тарихшысы, жазушысы, ақын және драматург Шапи Қазиевтің пьесасы бойынша "Насреддиннің алтын есегі" атты музыкалық ертегісін тамашалайды. Көңілді Шығыс қойылымы жас қарағандылықтарға Наурыз мерекесіне арналған сыйлық болып табылады.
- Бұл жақсылық пен достық, зұлымдық пен тапқырлыққа қарсы күрес және әділеттілік әрқашан жеңіске жететіні туралы әңгіме. Мені Шығыс мәдениеті қызықтырады. Шығыс ертегілері - сиқырлы, олар өз философиясын алып жүр, - деп санайды қоюшы режиссер Денис Цветков.
Театрда ол актерлік және режиссерлік қызметті бірге алып жүреді. Осыған дейін төрт спектакль қойған. Жас көрермендер мен олардың ата-аналарына "Мен ит болғым келмейді" ертегісімен танымал.
Денис Цветков "Насреддиннің алтын есегі" спектаклінің жұмысы туралы айтып берді. Олар ертегіні қысқа мерзімде қоя алған. Спектакльді қоюға бұйрық шыққаннан алдын-ала көрсетілімге дейінгі аралық процесс бір айға жуық уақыт алған. Киімдер костюмдер цехында тігілді. Декорациялар жасалды. Қоюшы суретші Зинаида Казаковскаяның арқасында сахнада Шығыс сарайы "салынды".
Спектакльде Шығыс халықтарының музыкасы орындалады. Әндер үш автордың симбиозы болып табылады: режиссер Денис Цветковтың өзі, Шапи Казиев және "Қожа Насреддин туралы әңгіме" жазған Леонид Соловьев.
Хореограф Ирина Николаева шығыс билерін қойды.Насреддинді Павел Кондратьев ойнады. Тапқыр Молла өзінің келіні Фатиманы (Азиза Зейнешева) айлакер хан (Вадим Ахметов) мен оның атармандарынан (Александр Тисен, Артем Жәңгіров) құтқарады. Насреддинге оның адал есегі (Антон Звонов) көмектеседі.
Ертегінің соңы қуанышпен аяқталады. Себебі жақсылық әрқашан жамандықты жеңеді.
Премьераға билет бағасы - 500 теңге. Үш жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.